Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде адалдық идеологиясын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілетудің жаңа тәсілдері талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Іс-шараға азаматтық қоғам өкілдерімен қатар Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай баяндама барысында Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айқындаған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және адалдық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саясат аясында іске асырылып жатқан превентивтік шаралардың басымдығын атап өтті. Ол сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Адал азамат» қағидаттарын Әділетті Қазақстанды қалыптастырудың институционалдық негізі ретінде жүйелі түрде нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Осы тұрғыда «Қоғамдық пікір» институты жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстың азаматтардың құқықтық санасының артуына ықпал етіп, қоғамдық бағалауларда оң өзгерістерге әкелетінін көрсетіп отыр.
Атап айтқанда, халық арасындағы жемқорлықты қабылдау деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 32,9%-дан 31,9%-ға дейін төмендесе, қылмыстық қудалауға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2023-2024 жылдардағы 0,4%-дан 2025 жылдың қорытындысы бойынша 0,3%-ға дейін қысқарды.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелері қандай?
«Бұл мәселеде ақпараттық-ағарту жұмысы мен азаматтық қоғамның парасаттылықты, моральдық-әдеп бағдарларды, сондай-ақ рухани құндылықтарды ілгерілетуге қатысу дәрежесі маңызды рөл атқарады. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру мектеп ортасынан бастап, отбасылық және қоғамдық кеңістікті дәйекті түрде қамтитын жүйелі және ұзақ мерзімді сипатта болуы тиіс деген тұжырым жасады», делінген агенттік таратқан хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар – әділетті қоғамға бастайтын жол
Соңғы жаңалықтар
Жануарларға жанашырлық мәдениеті қалыптасып келеді
Волонтер • Бүгін, 15:30
Төтенше жағдайлар кезінде волонтерлік көмек жүйесі нығайтылады
Қоғам • Бүгін, 15:18
Өскемен және Үрімші қалалары арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 15:09
Үкімет волонтерлік қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті
Үкімет • Бүгін, 15:00
Қосшыда 10 жасар оқушы сабақ кезінде көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 14:55
Қылмыстық қудалауға тартылған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 0,3%-ға қысқарды
ANTIKOR • Бүгін, 14:44
Атырау экологтері табиғатты ластаушыларға 2,3 трлн айыппұл салды
Оқиға • Бүгін, 14:33
Президент: Елімізді ешкім сырттан келіп көркейтіп бермейді
Президент • Бүгін, 13:42
Қасым-Жомарт Тоқаев: Даму көшінің бағытын нақты айқындауымыз керек
Президент • Бүгін, 13:31
Мемлекет басшысы: Конституцияға өзгеріс енгізу керек болса, тек референдум арқылы жасауға болады
Президент • Бүгін, 13:21
Волонтерлерге арналған жаңа платформалар құрылады
Волонтер • Бүгін, 13:20
Президент Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша жаңа құжат әзірлеуді тапсырды
Президент • Бүгін, 13:11
Тоқаев: Ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін
Президент • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін волонтерлік қызметке қолдау көрсетуге шақырды
Президент • Бүгін, 13:03
Президент волонтердің цифрлы паспортын жасау туралы ұсынысқа қолдау білдірді
Президент • Бүгін, 12:56