Қымбатшылық қысқан қыркүйек

22.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жыл сайын дәл осы кезеңде үйдегі ата-ананың кірісінен гөрі шығысы арта түседі. Өйткені баланы мектепке дайындайтын тұста, нарықтағы бағалар да әдеттегіден құбылып шыға келеді.

«Бір баланың дайындығына 90 мың теңге кетті»

Биыл да мектеп формасы мен кеңсе тауарларының құ­нында өсім байқалады. Бір ғана тауардың бағасындағы аздаған айыр­машылықтың өзі толық оқу құралдарын жинағанда едәуір со­маға айналады. Сол себепті кей­бір ата-аналар қалтаға қоным­ды нұсқаны табу үшін онлайн дү­кендерге жүгінеді. 

– Биыл балам 1-сыныпқа ба­ра­ды. Мектепке қажет заттың бар­­­лығын бірден алмай, бағасын бір­неше жерден салыстырып көр­дім. Кейбірін дүкеннен алсам, қал­ғанын онлайн тапсырыс бер­дім. Бірақ базарлардың өзінде ба­ға өскен. Мектеп формасы үшін шамамен 30 мың теңге, аяқ­киіміне 20 мың теңге, спорттық киі­міне 10 мың теңге жұмсадық. Сөм­кесін онлайн дүкеннен 6 мың тең­геге алдық. Ал кеңсе тауарлары үшін шамамен 20 мың теңге кет­ті. Жалпы, бір баланың мек­теп­ке дайын­дығына 90 мың тең­геге жуық қаржы жұмсалып отыр, – де­ді қала тұрғыны Құралай Жұма­ділова.

Байқағанымыздай, оқу жылы қар­саңында негізгі ауыртпалық ба­ласы бастауыш сыныпта оқи­тын ата-аналарға түседі. Ал жо­ға­ры сынып оқушылары үшін са­лыс­­тырмалы түрде шығын азы­рақ. 

– Жыл сайын бағалар қым­бат­тап барады. Биыл оқу құрал­дары үшін көп шығындалмадық. Негізгі қаражат киімге жұмсалды. Ол үшін шамамен 90 мың теңге кет­ті. Барлығын сапалы етіп алуға ты­рыстық. Кеңсе тауарларын ша­­­мамен 15 мың теңгеге сатып ал­дық, – деді 10-сынып оқушы­сы­ның анасы Гүлмира ханым.

Біз де мектепке дайындық шы­ғынын есептеу үшін дү­кендер мен онлайн қосымша­лар­ды шарлап, ондағы бағаларды салыстырып көрдік. Шынында, бір­қатар тауардың құны дәстүрлі сау­да орындарындағы бағадан әл­деқайда төмен екеніне көз жет­кіз­дік. Бір тауардың өзінен бір­не­ше жүз, тіпті мың теңгедей үнем­деу­ге болады. Дегенмен айыр­ма­шы­лық барлық тауарда бірдей емес. Мысалы, Kaspi қосымша­сын­­да сөмкенің бағасы кемі 2 800-3 000 теңгеден басталады. Қа­­­­рапайым 12 беттік бір дәп­тер­дің құны 28 теңгеден, 20 данасы 600 теңгеден басталады. Сәй­ке­сін­ше, мұнда тауардың бағасы мен сапасы көңілінен шыққан пі­кір қалдырушылар да аз емес. Ал ABDI дүкеніндегі бағаларға кел­сек, мұнда сөмкелер 5 040 тең­ге­ден басталса, дәптер 25-40 тең­ге аралығында сатылады. «Детс­кий мир» дүкенінде бір дәптердің құны 29-59 теңге аралығында ба­ға­ланса, қарапайым сөмкелер кемі 1 600 теңгеден басталады. Ал Marwin дүкеніндегі бағалар тіптен ша­рықтап тұр. Әсіресе көпбалалы ата-аналар үшін бұл дүкеннен сау­да жасау қалтаға ауыр тиюі мүм­кін. Мәселен, бастауыш сынып оқушыларына арналған бір сөм­кенің ең төменгі құны – 6 800 теңге. Жоғары сынып оқушы­ларына арналған сөмкелер 3 000 тең­геден жоғары. Бұл 72 пайыз­дық жеңілдік құнын қоса алған­да­ғы баға екенін ескеру керек. Жеңіл­дікті қоспағанда, сөмкелер кемі 6 500 теңге. Ал бастауыш сы­нып оқушылары үшін жеңіл­дік­сіз баға 12 мың теңгеден жо­ғары. Қалауыңызға қарай, сөм­ке­нің сапасы мен брендіне қарай ба­­ғалар да өсе береді. Аталған дү­­кендегі 12 беттік қарапайым бір дәп­тердің құны 140-350 теңге ара­лығын көрсетсе, 20 данасы 1 715 теңгеге сатылады. Бағалар­дың шарықтап тұрғанына қара­мас­тан, керек-жарағын осы дү­кен­нен түгендейтіндер де табылады. 

Сөреге жеткенше тауардың құны өседі

Алайда сөрелердегі бағаның өсуі тек сатып алушыға емес, са­ту­­­шыға да жүк түсіріп отырған кө­рінеді. Саудагерлердің айтуынша, бағаның артуы сатушылардың өз еркімен белгілеген үстемесінен емес, тауардың өзіндік құнының қым­баттауынан болып отыр. Әсі­ресе сырттан жеткізілетін кеңсе тауарлары мен мектепке қажетті кейбір өнімдердің бағасына тасымал шығыны, валюта бағасы мен көтерме баға әсер етеді. 

– Бізде сауданың маусымы та­мыздан бастап қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Шынын айтқанда, біз де бағаны кө­тер­гіміз келмейді. Бірақ тауарды өзі­міз қымбатқа алып отырсақ, оны бастапқы бағамен сату мүм­кін емес. Кейбір ата-аналар қым­бат­шылыққа сатушыларды кінә­лай­ды. Дегенмен біздегі баға тауар­­дың сатып алу құнына бай­ла­­нысты белгіленеді. Көтерме ба­­ға өскен сайын, бөлшек сау­да­дағы құн да соған сәйкес өзгереді. Оның үстіне, жалға алу, логистика және басқа да шығындарымыз бар, – деді кәсіпкер Ботагөз (ред – есімі өзгертіліп берілді).

Саудагерлердің бұл жа­най­қайын мамандар да жоқ­қа шығармайды. Экономист Бекнұр Қисықовтың сөзінше, Қазақстан­да­ғы кеңсе тауарлары, аяқкиім мен мектеп формаларының едә­уір бөлігі импорт арқылы жет­кі­зі­леді немесе шетелдік шикізат не­гізінде өндіріледі. Сарап­шы­ның болжамынша, валюта на­ры­ғындағы тұрақсыздық пен импорт шығындары дәл осы қар­қын­­да сақталса, мектепке қажетті тауар­лардың бағасы жаңа оқу жы­лы басталғаннан кейін де қым­баттай беруі әбден мүмкін. Бұл жағдайда ата-ананың бүгінгі шы­ғыны елдегі инфляциялық қы­сымның жалпы көрінісіне ай­на­лады.

– Бағаның күрт өсуіне нарық­та­ғы ахуал мен саудагерлер тарапынан жасалатын әрекет те қатар ықпал етеді. Бір жағынан, импорт бағасының қымбаттауы, тасымал шығындары мен инфляцияға объек­тивті себеп ретінде қарауға болады. Екінші жағынан, мектеп маусымы басталар алдында сұра­ныстың күрт артуын пайдаланып, кейбір сатушылар үстеме бағасын негізсіз көтеретін жағдайлар кез­деседі. Сондықтан бағаның өсуін тек валюта бағамымен немесе тек алыпсатарлықпен түсіндіру дұ­рыс емес. Мұнда нарықтық фак­тор­лар да, маусымдық коммер­ция­лық стратегиялар да қатар рөл ат­қарады, – деді сарапшы.

Мектеп шығыны табыстың 40 пайызына жетеді

Мәселенің ауқымын тауар құнын отбасы табысына шақ­қандағы үлесінен де аңғаруға болады. Табысы төмен және көп­ба­лалы отбасылар үшін қыркүйек қарсаңындағы шығын отбасы бюд­жетінің елеулі бөлігін алып қоя­ды. Экономистің есебінше, қа­зіргі нарықтағы бағаны ескерсек, бір баланы мектепке дайын­дау­дың өзі бірнеше айлық тұр­мыс­тық шығынмен шамалас.

– Бүгінде мектепке дайындық көп­теген отбасы үшін елеулі қар­жы­лық жүктемеге айналды. Егер бір отбасының айлық табысы 500-700 мың теңге аралығында бол­са, бір баланы мектепке дайын­­­дауға орта есеппен сол та­быстың 10-20 пайызы жұмсалады. Ал табысы 250-350 мың теңге кө­­леміндегі әлеуметтік осал немесе төмен табысты отбасылар үшін бұл көрсеткіш 25-40 пайызға дейін жетеді. Қазіргі нарықтағы бағаларға назар аударсақ, бір ба­ла­ны мектепке толық дайындау құны шамамен мынадай: мектеп формасы – 35-70 мың теңге, аяқ­киім – 20-40 мың теңге, мектеп сөмкесі – 15-35 мың теңге, кеңсе тауар­лары – 20-40 мың теңге, спорт­тық киім мен аяқкиім – 20-40 мың теңге. Жалпы шығын 110 мың­нан 220 мың теңгеге дейін же­теді. Егер қосымша үйірмелерге қажет заттар немесе электрондық құрылғылар сатып алынса, бұл со­ма бұдан да жоғары болуы мүм­кін. Екі баласы бар отбасы үшін мек­тепке дайындық шығыны 250-400 мың теңгеге дейін барады. Ең қиыны – көпбалалы отба­сы­лардың жағдайы. Үш-төрт оқу­шысы бар жанұяларда мектеп­ке дайындыққа кететін шығын бірнеше жүз мың теңгеге дейін өседі. Сондықтан ата-аналар бас­қа қажеттіліктерінен үнемдеуге не­месе қарыз алуға мәжбүр болып жатады, – деді маман.

Бекнұр Қисықовтың сөзінше, әлеуметтік осал және көпбалалы от­басылар үшін атаулы көмекті кү­шейту мәселенің бір шешімі бо­ла алады. Бұл ретте сарапшы мек­тепке дайындыққа арналған қар­жылай көмекті немесе электронды сертификаттар жүйесін кеңейтуді ұсынды. Бұған қоса, ол мектеп жәрмеңкелерін ұйымдас­ты­рып, өндіруші мен тұтыну­шы­ны делдалсыз байланыстыру да түп­кілікті бағаны төмендетуге мүм­кіндік беретінін айтады.

– Ең алдымен, елімізде мектепке қажетті әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына тұрақ­ты мониторинг жүргізіп, бәсеке­лес­тікті қорғау органдары негізсіз ба­ға өсіру фактілеріне жедел әре­кет етуі қажет. Сондай-ақ отан­­­дық мек­теп формасы мен кеңсе тауарларын өндірушілерді қолдау өте маңызды екенін айтқым келеді. Жергілікті өндіріс ұлғайған сайын импортқа тәуелділік аза-йып, ба­ға тұрақтанады, – деп сөзін түйіндеді Б.Қисықов.

Түптеп келгенде, білімге бас­тайтын жолдың алғашқы қадамы ата-ананың қалтасына түсетін қаржылық салмақпен өлшенбеуге тиіс. Сарапшылардың пайымынша, нарықтағы бағаның аспандауы халық табысы мен күнделікті тұтыну бағасының арасындағы алшақтықты байқатып отыр. Сон­дықтан бұл түйткіл тұтас бір қо­ғамның мәселесі ретінде қарас­тырылуы маңызды.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью