Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Елорда прокуратурасы «Qyran» тұрғын үй кешенінде пәтерлерді екі рет сату дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: kz.kursiv.media
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында құрылыс компаниясының қызметкерлері «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сату арқылы азаматтарды алдағаны анықталды.
Қызметкерлер «International Invest Company IIC» ЖШС-нің атынан азаматтарға жылжымайтын мүлікті сату сылтауымен жылжымайтын мүлікті сату құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар мен құжаттарды көрсетіп, пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алу ұсынған.
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
«Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген. Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған. Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген шығынның мөлшері 8 млрд теңгеден асты», делінген Астана қаласы прокуратурасы таратқан хабарламада.
Интернет-алаяқтыққа қарсы нақты нәтиже: Жетісуда 600 мың теңге қайтарылды
Соттың санкциясымен күдіктілердің жалпы сомасы 7,4 млрд теңгені құрайтын мүліктерін қолдануға тыйым салынған.
Төрт күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы, төртіншісіне «кепіл» қолданылып, қылмыстық іс сотқа жолданған.
Соңғы жаңалықтар
Ресейден әкелінген қызанақтан вирус анықталды
Оқиға • Бүгін, 12:48
19 млн тонна көмір: Жаңа жобаларға қажетті көлем қалай қамтамасыз етіледі?
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты «жедел желі» нөмірлерін іске қосты
Саясат • Бүгін, 12:21
Абай облысында 6-сынып оқушысы смарт-сөмке ойлап тапты
Мектеп • Бүгін, 12:02
Таяу Шығыстағы текетірес: Қазақстан дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Саясат • Бүгін, 11:56
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Қысқы Паралимпиада: Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі
Спорт • Бүгін, 11:31
Қазақстандық ғалым ЖИ-дің қандай жағдайда қателесетінін анықтады
Ғылым • Бүгін, 11:30
Максим Самородов «Ахматқа» жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 11:20
Аида Балаева: Зайырлы мемлекет – дінді жоққа шығарады деген сөз емес
Дін • Бүгін, 11:12
Дубайдағы ахуал: Отандастарымыз елге қайта алмай отыр
Әлем • Бүгін, 11:02
Ұлыбритания, Германия және Франция Иранға ескерту жасады
Саясат • Бүгін, 10:49
Қазақстан үшін Қытай сабағы: Индустриялық саясат – серпін бе, әлде елестегі өсім бе?
Экономика • Бүгін, 10:47
Grand Slam: Ташкенттегі турнирде дзюдошыларымыз қалай өнер көрсетті?
Спорт • Бүгін, 10:33
Қазақстан қарулы күштері жауынгерлік даярлық бағдарламасын жаңғыртады
Әскер • Бүгін, 10:20