Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Регламентке сәйкес, турнирді қабылдайтын ел халықаралық стандарттарға сай кешенді тұжырымдама ұсынуы тиіс. Оған заманауи стадиондар, жаттығу базалары, дамыған қонақүй инфрақұрылымы және тиімді көлік логистикасы кіреді.
Инспекция барысында АФК делегаттары келесі нысандарды аралап, бағалады:
— елдің басты аренасы — Долон Өмүрзаков атындағы стадион;
— «Алға» спорт кешені және «Достук Арена» стадионы;
— салынып жатқан «Бішкек Арена» стадионы;
— «Мурас Юнайтед», «Дордой» және «Илбирс» спорт клубтарының жаттығу алаңдары;
— Шералы Сыдыков атындағы Олимпиадалық резерв училищесінің ойын алаңдары;
— сондай-ақ командаларды орналастыруға арналған қонақүйлер.
Хабарламада турнирді қай ел қабылдайтыны туралы соңғы шешімді АФК инспекция нәтижелері мен ұсынылған құжаттарды сараптау негізінде қабылдайтыны айтылған.
Айта кетейік, 2028 жылғы турнирді өткізу құқығы үшін бәсеке жоғары. Қырғызстанмен қатар Иордания, Жапония, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері және Өзбекстан да өтінім берген көрінеді.
Осыған дейін Қырғызстанда дипломдық жұмысты тағылымдамамен алмастыратынын жазған болатынбыз.