Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атанды

04.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фото: un.org

2027-2028 жылдарға арналған құрамға Қырғызстанмен бірге Аустрия, Португалия, Тринидад және Тобаго мен Зимбабве сайланды. Олар өкілеттік мерзімі аяқталатын Грекия, Дания, Пәкістан, Панама және Сомали елдерінің орнын басады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 15 мемлекеттен тұрады. Оның бес тұрақты мүшесі – Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ және Франция. Бұл елдер вето құқығына ие.

Тұрақты емес мүшелікке сайлану үшін мемлекеттер БҰҰ-ға мүше елдердің кемінде үштен екісінің, яғни 127 дауысының қолдауын алу қажет. Қырғызстан бұл межеден асып түсіп, 142 дауыс жинады.

Тоқаев пен Ердоған БҰҰ рөлін күшейту туралы ортақ байламға келді

Бұл Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі алғашқы мүшелігі саналады. Ел өз өкілеттігін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап атқарып, 2028 жылғы 31 желтоқсанда аяқтайды.

Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2017-2018 жылдары жұмыс істеген. Еліміз Орталық Азиядан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған алғашқы мемлекет болды.

Еске сала кетейік, 2014 жылдан бері Қазақстанның 900-ден астам әскери қызметшісі БҰҰ миссияларына қатысты. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью