Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
2025 жылдың қаңтар–қараша айлары аралығында республика халқы 112,8 мың адамға, яғни 1,5 пайызға артқан. Халық санының өсуі негізінен табиғи өсім есебінен қамтамасыз етілген.
«Қызмат» мемлекеттік мекемесінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында АХАЖ органдарында 127,8 мың нәресте тіркелген, бұл 1 000 адамға шаққанда 19,0 көрсеткішті құрайды (2024 жылдың осы кезеңінде – 19,9). Осы кезеңде 29,3 мың адам қайтыс болған, бұл 1 000 адамға шаққанда 4,4 көрсеткішке тең (2024 жылы – 4,5).
Нәтижесінде халықтың табиғи өсімі 98,5 мың адамды, яғни 1 000 адамға шаққанда 19,0 көрсеткішті құрады (2024 жылдың қаңтар–қарашасында – 19,9).
2025 жылдың қаңтар–қараша айларында табиғи өсімнің ең жоғары деңгейі Баткен, Ош және Жалал-Абад облыстарында тіркелген. Ал ең төмен көрсеткіш Бішкек қаласында байқалған.
Осыған дейін Қырғызстанда зорлық-зомбылық пен адам саудасына қарсы 5200 жедел желісі ашылғанын жазған болатынбыз.