Қырғызстан мұнай мен ЖЖМ әкетуге тыйым салды

14.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қырғызстанда мұнай мен жанар-жағармай өнімдерін экспорттауға тыйым салынды. Тиісті қаулыны 13 шілдеде республика үкіметі қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құжатқа сүйенсек, бұл қаулы Қырғызстанның ішкі мұнай және мұнай өнімдері нарығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, энергетикалық қауіпсіздікті қорғау, мұнай өнімдері тапшылығының алдын алу, сондай-ақ ішкі қажеттіліктерді үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап өз күшіне енді.

Сонымен қатар Қазақстанда жанар-жағармай материалдарын шекара арқылы заңсыз шығаруды болдырмау бойынша шаралар кешені қолданылып жатыр. Атап айтқанда, көршілес мемлекеттерден келетін жүк және жеңіл көліктер Қазақстан аумағына тәулігіне бір реттен артық кіре алмайды.

"Қазіргі уақытта негізгі жұмыс отынды "көлеңкелі" жолмен шығару үшін пайдаланылатын қосымша жанармай бактары бар автокөліктерді анықтау бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыспен Ішкі істер министрлігі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Шекара қызметі және кеден органдары бірлесіп айналысып жатыр", - деді бұған дейін Үкіметте өткен брифингте энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.

Қазақстандағы бензин мен жанар-жағармай материалдарына қатысты жағдай

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығаруды бақылауды күшейтуді. Үкімет мәліметінше, тек екі тәулік ішінде өткізу пункттерінде қосымша бактар мен канистрлерде үш тоннадан аса отынды алып шығудың 61 әрекеті, ал жыл басынан бері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 593 әрекеті тоқтатылған.

Мамырда ІІМ бензинді Қазақстаннан тыс жерлерге тасымалдау үшін заңсыз орнатылған қосымша отын бактары бар көліктердің анықталғанын хабарлаған еді. Ол кезде заңбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік құралдары олқылықтар жойылғанша арнайы тұрақтарға қойылды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью