Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Астана қаласындағы №117 сайлау учаскесіне Қырғыз Республикасының Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров келіп, конституциялық референдумның өту барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сарапшының айтуынша, кез келген елде биліктің негізгі көзі – халық. Ал халық өз билігін сайлау мен референдум арқылы жүзеге асырады. Мұндай саяси науқандарда азаматтар өз елінің болашақтағы даму бағытын қалай көретінін білдіреді.
Тынчтык Шайназаров Қазақстанда өтіп жатқан референдумның маңыздылығына тоқталып, бұл бастама елдің алдағы дамуына әсер ететін маңызды қадам екенін айтты. Оның сөзінше, былтырғы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жасап, конституциялық өзгерістер мәселесін көтерді. Бүгінде сол бастаманың жалғасы ретінде референдум өтіп жатыр.
Сарапшы сайлау учаскесіндегі жағдайды оң бағалады. Айтуынша, дауыс беруге келген азаматтардың белсенділігі жақсы, адамдардың көңіл күйі көтеріңкі.
«Учаске маңында біраз уақыт бақылап тұрдым. Қазірдің өзінде келушілердің қарасы жақсы. Нақты қанша пайыз екенін айту қиын, бірақ халықтың белсенділігі байқалады. Ең бастысы – адамдардың көңіл күйі жақсы, мерекелік атмосфера сезіледі. Кешке дейін күтіп, қорытынды нәтижелерге қарай тиісті бағасын беруге болады», деді ол.
Айта кетейік, Қырғызстаннан референдумды бақылау үшін арнайы делегация келген. Тынчтык Шайназаровтың айтуынша, Қазақстанға барлығы 18 байқаушы жіберілген. Оның алтауы Астанаға келсе, қалған 12-сі Қырғызстанмен шектесетін Қазақстан өңірлеріндегі учаскелерде бақылау жүргізіп жатыр.
Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды
Сонымен қатар ол сайлау учаскесінің техникалық және ұйымдастырушылық деңгейіне де тоқталды.
«Әр мемлекеттің өз тәсілі бар. Техникалық жабдықталу әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ ең маңыздысы – азаматтардың еркін дауыс беруіне мүмкіндік беру. Бүгін бұл жерде құпия дауыс беру толық қамтамасыз етілгенін көрдік. Адамдардың шоғырлануы, ретсіздік жоқ, бәрі жақсы ұйымдастырылған», деді.
Сарапшының айтуынша, бұл оның Астанаға алғаш рет келуі. Ол Қазақстанға сапары барысында референдумның өту барысын бақылап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды
Референдум • Бүгін, 16:36
Референдумда дауыс бергендер саны 64,43 пайызға жетті
Референдум • Бүгін, 16:20
Қазақстан спортшылары Өзбекстанда өз таңдауын жасады
Референдум • Бүгін, 16:18
ТҮРКПА байқаушылары: Қазақстан халқы белсенді дауыс беріп жатыр
Референдум • Бүгін, 16:16
Алматы облысының тұрғындары референдум учаскесіне мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде келді
Референдум • Бүгін, 16:10
Хандар мен билердің таңдауы: Жетісайдағы референдумның ерекше қонақтары
Референдум • Бүгін, 15:59
Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Референдум • Бүгін, 15:58
Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне «барыс Әділет» келді
Референдум • Бүгін, 15:47
Байқаушылар: Дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес өтіп жатыр
Референдум • Бүгін, 15:42
Қазақстанның Еңбек Ері Тұрсынбек Мақышев дауыс берді
Референдум • Бүгін, 15:38
Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді
Референдум • Бүгін, 15:31
Қостанайлық тұрғындар референдумда белсенділік танытты
Референдум • Бүгін, 15:31
Атырауда «Қыз Жібек» фильміндегі «Гәккуді» орындаған әнші дауыс берді
Референдум • Бүгін, 15:28
Ақмола облысының тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Референдум • Бүгін, 15:23
Учаскеге дейін жеткізіп салады: Жас сайлаушылар автоеріктіге айналды
Референдум • Бүгін, 15:21