Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
– Кейінгі ондаған жылда Ыстықкөлдің деңгейі 14 метрге төмендеді. Ал оған құятын өзендер саны 100-ден 30-ға азайды, - деді ол.
Су қорының кемуі энергетика саласына да әсер етіп отыр.
– Қырғызстан энергетикасының 93%-ы гидроэлектрстанцияларға тәуелді. Су тапшылығы салдарынан қыста энергия жетіспеуі мәселесі туындайды, - деді Садыр Жапаров.
Сонымен бірге, оның сөзінше, Қырғызстан – су ресурстары толықтай өз аумағында қалыптасатын аймақтағы жалғыз ел. Оның территориясында жыл сайын 50 млрд текше метр су қалыптасады. Соның 12 млрд текше метрін өзі қолданып, 38 млрд текше метрін көршілес елдерге жібереді.
– Бұл мәселеде біз көршілерімізбен тығыз қарым-қатынаста болу әрі суды өзара тиімді бөлісу ұстанымындамыз. Орта Азияның энергетика, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық салалардағы қауіпсіздігін ескеріп, суды бөлудің ондаған жылдан бері келе жатқан шекті мөлшерін сақтап келе жатырмыз, - деді қырғыз президенті.
Сонымен қатар ол су инфрақұрылымын, су жүретін арналарды бірлесіп жөндеуді ұсынды.
Бұдан бөлек, Садыр Жапаров Қырғызстанның Қазақстан, Өзбекстан т.б. көршілерімен су ресурстарын тиімді басқару, энергетика және экологиялық қауіпсіздік секторында ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Армения Қазақстанның су ресурстарын тиімді басқару бағытындағы бастамаларын қолдайтынын жазғанбыз.