Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Қырғызстан тарапынан жанар-жағармай жеткізуге ресми өтінім түсті. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Қырғызстан тарапынан ресми сұраныс түскенін растады. Ол бұл мәселе қарастырылып жатқанын атап өтті.
"Ресей тарапынан бізге ешқандай ресми сұраныс түскен жоқ. Ал Қырғызстан тарапынан ресми сұраныс келіп түсті. Біз оны қазір қарастырып жатырмыз. Жақын арада жауап беретін боламыз. Бірақ біздің барлық шешіміміз ұлттық мүдделерімізді ескере отырып қабылданатын болады", - Тұтқышбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, ішкі нарықты қамтамасыз етуге қажетті жанар-жағармай қоры бар. Ал бағаның күрт өсуіне жол берілмейді.