Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Реттеушінің мәліметінше, сыртқы экономикалық орта әлі де біртекті емес. Әлемдік азық-түлік нарықтарында тауарлардың негізгі түрлері бағасының өсуі біртіндеп баяулап келеді.
Бұл ретте Қырғызстанның негізгі сауда серіктестері елдеріндегі инфляция жоғары деңгейде қалып отыр. Халықтың тұтыну себетінің айтарлықтай үлесі ішкі бағаларға әсер ететін импортқа тиесілі.
Инфляция 13 ақпандағы жағдай бойынша 2026 жылдың басынан бері 1,8%-ды, ал өткен жылмен салыстырғанда 9,6% болды. Азық-түлік бағаларының өсуі кейбір тауарлар бағасының тұрақтануына байланысты баяулады. Бұл ретте қызметтер мен азық-түлік емес тауарларының бағалары қымбаттап келеді.
Еске сала кетсек, Қырғызстан Ұлттық банкі 2025 жылдың қарашасында есептік мөлшерлемені 11%-ға дейін көтерді.