Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қырғызстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Мелис Тургунбаев үйқамаққа жіберілді. Бұл шешімді Бішкек қалалық соты қабылдаған.
24.kg порталының мәліметінше, экс-шенеунікке қатысты бұлтартпау шарасы сыбайлас жемқорлық ісі аясында өзгертілген.
Айта кетейік, Мелис Тургунбаевтың ұсталғаны 25 наурыз күні белгілі болған. Бастапқыда Қырғызстан ІІМ оны «Қырғызмұнайгаз» компаниясына қатысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырған. Алайда тергеу амалдарынан кейін ол күдікті ретінде ұсталған.
Мелис Тургунбаев бұған дейін мұнай-газ саласында бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, «Қырғызмұнайгаз» компаниясында басқарма төрағасы әрі директорлар кеңесінің төрағасы болған. Сондай-ақ табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі қызметін атқарып, кейін Ұлттық банкті басқарған.