Қырғызстанда ауа температурасы соңғы 60 жылда 1,2°C жоғарылады

04.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл туралы Қоршаған орта, табиғи ресурстар және техникалық қадағалау министрлігінің Экологиялық және климаттық саясат басқармасының жетекші маманы Жібек Кадоева Бірінчі радиосына хабарлады.

Оның сөзінше, соңғы жылдар ең жылы кезеңдердің бірі болды.

— Біз сондай-ақ сел, су тасқыны, қуаңшылық және жер сілкінісі сияқты экстремалды ауа райы құбылыстарын бақылап отырмыз, — деді маман.

Жібек Кадоеваның сөзінше, жалпы жыл сайын елде шамамен 200 төтенше жағдай тіркеледі, оның 90%-ы климаттық факторларға байланысты.

— Бұл экономикаға, халық қауіпсіздігіне және ауыл шаруашылығы мен су ресурстары сияқты негізгі салаларға әсер етеді. Негізінен бұл деректерді біз Қырғызгидрометтен аламыз, — деп қосты Жібек Кадоева.

Осыдан бұрын Қырғызстанда кенелер маусымы басталғанын жазған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью