Қырғызстанда ауыл шаруашылығы санағы басталды

20.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ведомствоның мәліметінше, ауыл шаруашылығы санағы — елдегі ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы өзекті әрі сенімді ақпарат алуға бағытталған маңызды мемлекеттік статистикалық шара.

Санақ аясында келесі мәліметтер жиналады:

ауыл шаруашылығы жерлерінің бар-жоғы және пайдаланылуы;

ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары;

ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар саны;

ауыл шаруашылығы техникасының болуы;

шаруа (фермерлік) қожалықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтардың қызметі.

Алынған нәтижелер мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, аграрлық секторды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруға пайдаланылатын болады.

Санақ жүргізу ауыл шаруашылығы саласының нақты жағдайын анықтауға, оның даму бағыттарын белгілеуге және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық статистика комитеті азаматтарды санақ жүргізуге түсіністікпен қарап, қажетті ақпарат ұсыну арқылы санақ қызметкерлеріне қолдау көрсетуге шақырады.

Берілген мәліметтердің құпиялылығы кепілдендіріледі. Ақпарат Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес тек жалпыланған түрде ғана пайдаланылатын болады.

Бұдан бұрын Қазақстанда 1 тамызда басталған Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы 21 қазанда аяқталғанын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью