Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бішкектің Первомай аудандық сотында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты алдын ала тыңдау басталды. Ол билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media мәліметін есілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қызметкерлер мен сот орындаушылары істің құпияланғанын, сондықтан сот залына апаратын дәлізге де ешкімді жібермейтінін мәлімдеген.
Қамшыбек Тәшиевтің ісіАдвокат Икрамидин Айтқұловтың бұған дейінгі мәлімдемесі бойынша, Қамшыбек Тәшиевке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, сол сияқты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер" және "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылып оатыр.
Әңгіме осы баптың 2-ші және 4-ші бөліктері туралы болып отыр: өзі немесе басқа тұлғалар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында немесе өзге де жеке мүддемен жасалған әрекет, сондай-ақ жауапты лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет.
Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбек ұлына қатысты жағдай белгісіз. Олар да осы іс бойынша айыпталып отыр.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті
12 мамыр 22:48 2
12 мамыр 13:53 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1