Қырғызстанда дәрігерлерге шабуыл жасағандарға жаза күшейтілмек

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Түзетулер келесі жазаларды көздейді:

— медициналық қызметкерлерге қызметтік міндетін орындау кезінде зорлық-зомбылық көрсету, жеңіл дене жарақатын келтіру немесе жеңіл материалдық (мүліктік) залал келтіру қаупі үшін — 2 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары немесе 20 000-нан 50 000 сомға дейін айыппұл;

— зорлық-зомбылық қолданып, онша ауыр емес немесе ауыр дене жарақатын және ірі залал келтіргені үшін — 50 000-нан 100 000 сомға дейін айыппұл немесе 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;

— аса ауыр дене жарақатын салған және аса ірі көлемде залал келтіргені үшін зорлық-зомбылық жасағаны үшін — 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру;

— денсаулық сақтау қызметкерлерінің қызметтік міндетін орындауына зорлық-зомбылық көрсетіп, кедергі келтіріп, салдарынан денсаулығына аса ауыр зиян келтірілсе — 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру;

— денсаулық сақтау қызметкерлерінің жұмысына заңсыз араласып, соның ішінде БАҚ немесе телекоммуникация желілері арқылы қорлап, құрметсіздік танытып, әдепсіз мінез-құлық көрсеткені үшін— 10 000 сом айыппұл;

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда денсаулық сақтау қызметкерлеріне шабуыл жасау 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью