Қырғызстанда елдің бұрынғы президентінің ұлына үкім шықты

08.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бішкектің Бірінші май аудандық соты жаппай тәртіпсіздіктерге дайындық ісі бойынша үкім шығарды. Бұл істе елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы мен "Социал-демократтар" партиясының өкілдері айыпталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Қадырбек Атамбаев кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Темірлан Сұлтанбеков мүлкі тәркіленіп 7 жылға, Жеңіс Әбдірахманов мүлкі тәркіленіп 8 жылға сотталды.

Эрмек Эрматов 2 жылға сотталды, бірақ пробациялық бақылау қолданылып, жазасын өтеуден босатылды. Тағы бір сотталушы жазадан босатылып, Қырғызстан аумағынан шығарылды, ал бір адам ақталды.

Республиканың ІІМ өткен жылдың қараша айында жаппай тәртіпсіздіктерге дайындық ісі бойынша ұстаулар туралы хабарлаған болатын. Барлығы 10 адам ұсталды, олардың ішінде экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы да бар.

Анықтама: Алмазбек Атамбаев - Қырғызстанның төртінші президенті, ол елді 2011 жылғы 1 желтоқсаннан 2017 жылғы 24 қарашаға дейін басқарды. Президенттік мерзімі аяқталған соң Атамбаев билікті сайланған мұрагері Сооронбай Жээнбековке тапсырып, қызметінен өз еркімен кетті. Алайда билік транзитінен кейін көп ұзамай бұрынғы үзеңгілестер арасында саяси қақтығыс басталып, соның салдарынан 2019 жылдың жазында Атамбаев қолсұғылмаушылық мәртебесінен айырылды. Сол жылдың тамыз айында Қой-Таш ауылындағы резиденциясын қанды штурммен алғаннан кейін, бұрынғы президент қамауға алынып, бірқатар қылмыстық іс бойынша тергеу изоляторына жабылды. Ол 2023 жылдың ақпанына дейін қамауда болды, кейін Қырғызстанның Жоғарғы соты оның қылмыстық істерін қайта қарауға жіберіп, Атамбаевтың өзі босатылып, емделу үшін шетелге шығып кетті. Қазіргі уақытта Алмазбек Атамбаев Испанияда тұрады, ол саяси эмигрант мәртебесінде қалып отыр және отанында оған қатысты сот процестері сырттай жалғасып жатыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар парламент депутаттарының кезектен тыс сайлауынан кейін жаппай наразылық акцияларын дайындаған. Істі мәні бойынша қарау 14 шілдеде басталды. Сот процесі жабық режимде өтті. Үш сотталушыға қатысты материалдар жеке іс ретінде бөлінді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью