Қырғызстанда ет кластерін дамыту бойынша пилоттық жоба іске қосылады

18.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрі Эрлист Акунбеков мәлімдеді.

Жоба аясында Шу облысы мен Бішкек қаласында ірі қара малды өндірістік негізде бордақылауға бағытталған ет кластері құрылады.

2026 жылы осы кластерге қатысушыларға жеңілдетілген несие беру арқылы мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Жобаға қатысатын Шу облысы мен Бішкек қаласындағы ірі қара малды бордақылаумен айналысатын фермерлер мен агрокәсіпкерлерге төмен пайызбен жеңілдетілген несиелер беріледі. Қаржыландыру «Айыл Банк» және «Элдик Банк» мемлекеттік банктері арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар елде азық-түлік бағасының өсуін тежеу, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету және ішкі нарықтағы тұрақтылықты сақтау мақсатында демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып келеді.

Бұдан бұрын Қырғызстан 2030 жылға дейін балабақшамен қамтуды 80%-ға жеткізуді көздейтінін жазған болатынбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью