Қырғызстанда TikTok ты қайта ашу мәселесі қайта көтерілді

15.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жогорку Кенеш отырысында депутат Махабат Мавлянова аталған платформаны бұғаттауды қайта қарау бастамасын көтерді.

Оның айтуынша, елде TikTok-қа шектеу енгізілгенімен, пайдаланушылар қосымшаға VPN арқылы кіріп отыр.

– Әрине, ұлттық қауіпсіздік пен жастар тәрбиесі сияқты маңызды мәселелерді ескеруіміз керек. Алайда тыйым салу арқылы бұл проблемаларды шеше алмаймыз. Қазіргі таңда TikTok тек ойын-сауық платформасы емес, ақпарат тарату, білім дамыту және бизнесті ілгерілету алаңына айналды. Мыңдаған жас осы платформа арқылы өз талантын көрсетіп, шағын бизнесті дамытып отыр. Көптеген жастар үшін бұл табыс көзіне айналды. Осыған байланысты тыйымды алып тастау қажет, – деді депутат.

Айта кетейік, 2025 жылғы қаңтарда Жогорку Кенеш депутаттары үкіметке TikTok-ты қайта ашу және елде оның өкілдігін құру жөнінде ұсыныс жасаған болатын.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы сәуірде Қырғызстанда TikTok әлеуметтік желісіне қолжетімділік шектелген еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью