Қырғызстанда валюта айырбастау ережесі өзгерді: енді ақшаның қайдан келгені тексеріледі

06.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қырғызстанның айырбастау орындарында ірі көлемде валюта ауыстырғысы келетін азаматтардан қаражаттың қайдан алынғанын растау талап етілуі мүмкін. Бұл ереже Қырғызстан азаматтарымен қатар сол елде жүрген Қазақстан азаматтарына да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Қырғызстан Ұлттық банкі кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және қаржылық қылмыстарға қарсы күрес аясында айырбастау бюроларының жұмысына қатысты жаңа ережелерді бекітті.

Жаңа талаптарға сәйкес, айырбастау орындары ірі немесе күмәнді операциялар кезінде клиенттердің құжаттарын ғана емес, сонымен қатар ақшаның шығу төркінін тексеруге құқылы. Бұл шешім қаржылық айналымның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Айырбастау бюроларына қандай міндеттемелер жүктеледі:

Клиенттерді сәйкестендіру: Шетелдіктер мен жергілікті азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды мұқият тексеру; Дереккөзді нақтылау: Қажет болған жағдайда қаражаттың қайдан алынғаны туралы мәлімет сұрату; Бақылауды күшейту: Ірі көлемдегі және ерекше (стандартты емес) операцияларға баса назар аудару; Күмәнді келісімдерді тоқтату: Күдікті транзакциялар болған жағдайда операцияны тоқтатып, бұл туралы Ұлттық банкке дереу хабарлау; Мәліметтерді сақтау: Жүргізілген айырбастау операциялары туралы деректерді кемінде бес жыл бойы мұрағатта сақтау.

Қырғызстан Ұлттық банкі бекіткен бұл жаңа ережелер 14 қаңтардан бастап ресми түрде күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар

Жолда қалып қойған жолаушы құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 09:02

Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі

Пікір • Бүгін, 09:00

Елдік мақсаттың айқын межелері

Пікір • Бүгін, 08:55

ЖИ саласында көшбасшы болуға мүмкіндігіміз бар

Пікір • Бүгін, 08:53

Стратегиялық дамудың бедерлі белесі

Пікір • Бүгін, 08:50

Қоғам қуатын тұтастандырады

Пікір • Бүгін, 08:48

Мұнай өңдеу зауытындағы жаңашылдық

Экономика • Бүгін, 08:45

Біз таңдаған жол

Пікір • Бүгін, 08:43

Қаржы нарығы: доллар бағамы қандай болмақ?

Экономика • Бүгін, 08:40

Маңызды мәселелер пысықталды

Саясат • Бүгін, 08:38

Талдау мектебіне қатысушылар анықталды

Саясат • Бүгін, 08:35

Кәсіпкерлерге «Халық бухгалтері» көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:33

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Мәдениет қайраткерлеріне – мемлекеттік стипендия

Қоғам • Бүгін, 08:28

Стоматология жұмысын жүйелеген

Жоба • Бүгін, 08:25

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью