Қырғызстандық әйел Алматыға келіп, 300 мың доллар қарызы бар екенін білді

15.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жогорку Кенеш депутаты Дастан Бекешев желідегі парақшасында Қазақстанда атына қомақты қарызы бар бірнеше компания тіркелген Қырғызстан азаматына қатысты оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg баслымына сілтеме жасап.

Жогорку Кенеш депутаты Дастан Бекешев желідегі парақшасында Қазақстанда атына қомақты қарызы бар бірнеше компания тіркелген Қырғызстан азаматына қатысты оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg баслымына сілтеме жасап.

Депутаттың айтуынша, Бішкекте подолог болып жұмыс істейтін әйел сәуір соңында Алматыға жол тартқан. Шекарадан өту кезінде оны Қазақстанға өткізген, бірақ деректер қорында "қызыл белгі" бар екені туралы хабарлаған.

Кейіннен қырғызстандық келіншектің атына Қазақстанда төрт ЖШС тіркелгені белгілі болған. Дастан Бекешевтің айтуынша, компаниялардың мемлекет алдындағы қарызы 300 мың долларға жуықтаған, оның ішінде кәдеге жарату алымдары да бар. Компаниялар Қазақстанның түрлі аймақтарында тіркелген.

Депутаттың хабарлауынша, әйел мән-жайды анықтай бастағанда ЖШС-лар сенімхат арқылы немесе өзге біреудің деректерін пайдалану арқылы рәсімделуі мүмкін екенін білген. Содан кейін оған Қазақстанның түрлі мемлекеттік органдарына, кейінірек Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне, Бас прокуратурасына және құқық қорғау органдарына жүгінуге тура келген.

Дастан Бекешев мұндай алаяқтық схемалар бұрын Қырғызстанда да кездескенін атап өтті. Оның айтуынша, өткен уақытта қаскөйлер компанияларды әлеуметтік осал топтағы азаматтардың, соның ішінде зағип жандардың атына тіркеп, соңынан фирмалар қарыз жинаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын. Онда ведомство қызметкері ретінде танысатын телефон алаяқтары туралы айтылған. Олар деректерді "верификациялауды" талап етіп, қосымшаларды орнатуды, сілтемелерге өтуді және SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін, парольдер мен банктік реквизиттерді беруді сұрайды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қызылордада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту тақырыбында форум өтті

12 мамыр 22:48 2

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Салтанат Нүкенованың ағасы Бишімбаевтың қарындасымен “хайп“ жасады деген айыптауларға қатысты соттасты

12 мамыр 13:53 1

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью