Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қырғызстанда балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қырғызстанда балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 28 наурызда кешке Бішкектегі "Ақ-Ордо" тұрғын алабында болған. Ленин аудандық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен басқа да балалар белгісіз ер адамнан тәттілер алған. Кейін кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған.
Аталған факт бойынша Ленин аудандық ІІБ тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған.
Күдікті ұсталдыЖедел-іздестіру шаралары барысында милиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Н.Д. есімді азамат болып шықты. Оны ұсталып, қалалық Ішкі істер бас басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде кәмпиттер мен тергеу үшін маңызы бар басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тұрғындарға үндеуҚұқық қорғау органдары ата-аналарды балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шақырды. Оларға бейтаныс адамдардан тамақ немесе қандай да бір зат алуға болмайтыны ескертілді.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться