Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қолда бар мәліметке сәйкес, 2 сәуір күні өткен сот отырысында Шаирбек Ташиевті бір ай мерзімге №1 тергеу изоляторына (СИЗО-1) қамау туралы шешім қабылданған.
Бұған дейін Қырғызстан Ішкі істер министрлігі экс-депутаттың «Қырғызнефтегаз» ашық акционерлік қоғамындағы жемқорлық ісі аясында ұсталғанын хабарлаған.
14 наурызда Шаирбек Ташиев депутаттық мандатынан өз еркімен бас тартты. Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Еске сала кетсек, 10 ақпанда Қырғызстанның ҰҚМК басшылық құрамында ауыс-түйіс болды. Қамчыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы қызметінен босатылды.
Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің басшысы ауыстырылғаннан кейін төрағаның үш орынбасары да қызметінен босатылды.
Кейіннен Қырғызстан президенті соңғы кадрлық шешімдер неден туындағанын түсіндірді.
Ол сондай-ақ ҰҚМК бұрынғы басшысымен арадағы келіспеушілік туралы түсінік берді.