Қырғызстанның экс президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы төрт жылға сотталды

08.10.2026

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бішкектің Бірінші май аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаевты төрт жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы қырғызстандық БАҚ-ы хабарлады. 
Сот оның мүлкін тәркілеу туралы да шешім шығарды. Атамбаев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 326-бабы — билікті күшпен басып алуға қатысты іс бойынша кінәлі деп танылды. 
Сот отырысы жабық режимде өтті. Мемлекеттік айыптаушы Кадырбек Атамбаевты жеті жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Қорғау тарапы істі ашық қарауды өтінгенімен, бұл өтініш қанағаттандырылмады. 
2025 жылғы қарашаның соңында, Қырғызстан парламентіне мерзімінен бұрын сайлау өтер алдында бір топ адам ұсталған еді, оның ішінде Қадырбек Атамбаев та бар. Ішкі істер министрлігінің нұсқасына сәйкес, күдіктілер сайлаудан кейін елде жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыруды жоспарлаған. Тергеу материалдарында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру және билікті күшпен басып алуға дайындалу туралы айыптар болды. Алайда сотталушылар мен олардың жақындары тағылған айыптарды жоққа шығарды. 
Бұл іс бойынша «Социал-демократтар» партиясының жетекшісі Темирлан Султанбеков жеті жылға сотталды. Бұрынғы депутат Кубанычбек Кадыров толық ақталды. Ал Ермек Эрматовқа қатысты айып қайта сараланып, оған пробациялық бақылау тағайындалды; ол сот залынан босатылды. 
Үкім шыққаннан кейін Кадырбек Атамбаев өзіне тағылған айыптарды негізсіз деп санайтынын мәлімдеді. Ол істің жабық қаралуына және сот материалдарына қатысты сын айтты.
Еске салайық, Қадырбек Атамбаевтың әкесі, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 2023 жылғы ақпанда түрмеден босатылғаннан кейін емделу үшін Испанияға кеткен. Содан бері Қырғызстанға оралған жоқ. 2025 жылы Бішкек соты оны Қой-Таш оқиғасына қатысты іс бойынша сырттай 11 жыл 6 айға соттаған. Ал биыл тамызда оның жақтастары Атамбаевтың Испанияда ауырып жүргенін хабарлаған.
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью