Қырғызстанның экс қауіпсіздік басшысы 4 жылға сотталды

02.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бішкектің Первомай аудандық соты «75-тің хаты» деп аталатын қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Бұл іс бойынша Камчыбек Ташиевтен бөлек, бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зұлушев, экс-парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбек уулу, қоғам қайраткері Бекболот Талғарбеков, ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Құрсан Асанов, экс-депутат Құрманбек Дыйқанбаев, бұрынғы вице-премьер әрі экс-депутат Аалы Қарашев және Қырғызстанның Өзбекстандағы бұрынғы елшісі Эмилбек Ұзақбаев та айыпталды.

Сот процесі жабық режимде өткеніне қарамастан, үкім көпшілік алдында жарияланды.

Қырғызстандағы билікті басып алу әрекеті: Сотта Тәшиев пен депутат сөзге келіп қалды

Сот барлық айыпталушыны «Билікті күшпен басып алу» бабы бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысының мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сот оларды «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша ақтады.

Тәшиевтің қорғаушылары айғақтарға қатысты сотқа қарсылық білдірді

Сотталғандардың барлығына 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді. Осыған байланысты олар түрмеде жазасын өтемейді.

Камчыбек Ташиевтің адвокаты Икрамидин Айтқұлов үкіммен келіспейтінін және оған апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Айыпталушылардың ешқайсысы өз кінәсін мойындамаған.

Еске сала кетейік, биыл 9 ақпанда 75 адам Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа ашық хат жолдап, елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді талап еткен болатын.

Билікті басып алу әрекеті: Қамшыбек Тәшиевке екі бап бойынша айып тағылды

Келесі күні Садыр Жапаров өзінің ұзақ жылдар бойы серігі болған Камчыбек Ташиевті 2020 жылдың қазан айынан бері атқарып келген Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және ҰҚМК төрағасы қызметтерінен босатты. Сол кезде Германияда жүрген Ташиев бұл шешім өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтқан. ҰҚМК басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Жұмғалбек Шабданбеков тағайындалды.

Сондай-ақ комитет төрағасының үш орынбасары да қызметінен босатылды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, «75-тің хаты» жай ғана саяси мәлімдеме емес, елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға және билікті өзгертуге бағытталған әрекеттің бір бөлігі болған. Кейін хат авторларына қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану және билікті күшпен басып алуға әрекеттену баптары бойынша айып тағылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью