Қышқыл төгілді: Шымкентте балық жаппай қырылды

06.02.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Шымкенттегі Бадам өзенінде балықтың жаппай қырылуына күкірт қышқылы әсер етуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттегі Бадам өзенінде балықтың жаппай қырылуына күкірт қышқылы әсер етуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Өзен суынан алынған сынамаларды зерттеген мамандар алдын ала осындай қорытындыға келді. Экологтардың мәліметінше, су құрамында күкірт қышқылының мөлшері қалыпты деңгейден жоғары екені анықталған. Болжам бойынша, өндіріс орындарының бірінен шыққан зиянды қалдық орталық кәріз жүйесіне заңсыз төгілген. Кейін кәріз құбыры жарылып, құрамында күкірт қышқылы бар сарқынды су Бадам өзеніне құйылған.

Қазір қоршаған ортаның қауіпсіздігіне салғырт қараған кәсіпорынды анықтау жұмысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, кәріз жүйесіне жауапты мекемеге қатысты да тиісті шара қолданылуы мүмкін. Мамандар өзен суының сапасына тұрақты мониторинг жүріп жатқанын, және жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді.

"Департамент мамандары осы мәселе бойынша "Су ресурстары маркетингі" ЖШС тексереді. Су арнасында күкірт қышқылы бар немесе жоқ екені содан кейін белгілі болады. Жалпы ереже бойынша кәріз құбырына күкірт қышқылы ерітіндісін тастауға мүлде болмайды. Оны жоятын жеке тазарту қондырғысы болуы керек", - деді Экология департаменті сынақ зертханасының басшысы Ақмарал Нысанбекова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью