Қысқы демалысты қайда өткіземіз?

26.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қысқы демалысты белсенді өткізгенге не жетсін? Елде тау-шаңғы курорттарында, мұз айдындарында сырғанаушылар көбейді.

Әлеуетті өңірлер де бұл мүмкіндікті қалт жібермей, кәсіпкерлер ыңғайлы демалыс орындарын жасақтауда. Әсіресе Алматыдағы тау-шаңғы курортына қазақстандықтар ғана емес, шетелдік меймандар да жиі барады. «Жаз айларында да мұнда қонақ аяғы үзілмеген. Қыста еселене түседі», - дейді мамандар. Бурабай, Баянауыл, Қатонқарағай да көпшілікті ғажап көрінісімен баурап алады. Шығыстағы «Алтай альпілері» де қысқы демалысты қызықты өткізуге таптырмас мекен. Мамандар елде туризм дамып жатқанын айтады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью