Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады

14.02.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында бірнеше қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгінгі жарыс бағдарламасы:

14:00 – Ростислав Хохлов (тау шаңғысы, алып слалом);

14:30 – Аяулым Әміренова, Юлия Галышева мен Анастасия Городко (фристайл-могул/параллель могул);

16:00 – Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник пен Дарья Ряжко (шаңғы жарысы, эстафета);

18:45 – Айша Рақышева мен Милана Генева (биатлон/спринт);

20:00 – Надежда Морозова, Елизавета Голубева, Кристина Силаева мен Арина Ильященко (конькимен жүгіру/командалық із қуу);

21:00 – Евгений Кошкин (конькимен жүгіру, 500 метр);

22:45 – Илья Мизерных пен Данил Васильев (шаңғымен тұғырдан секіру/ үлкен тұғыр);

01:00 – Ольга Тихонова (шорт-трек/іріктеу, 1000 метр).

Айта кетері, Олимпиада ойындары Qazaqstan, Qazsport, Khabar мен Jibek Joly арналарынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью