Қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 36 спортшы қорғайды

28.01.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның ұлттық құрамасы спорттың 10 түрі бойынша сынға түседі. Ел намысын барлығы 36 спортшы қорғайды. Оның ішінде 18 ер адам және 18 әйел бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлттық құраманың орташа жасы – 25 жас. Құраманың ең жас спортшысы – фристайл-акробатика өкілі Асан Асылхан, ол небәрі 16 жаста. Ал команданың ең тәжірибелі әрі жасы үлкен спортшысы – шорт-трекші Абзал Әжғалиев. Оның жасы 33-те.

Құрамадағы ең атақты спортшылардың бірі – фристайл-могулдан өнер көрсететін Юлия Галышева. Ол 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ 2010, 2014 және 2022 жылдардағы Олимпиадаларға қатысқан.

Қазақстан намысын Қарағанды облысының өкілі – Теміртаудан шыққан биатлоншы Владислав Киреев те қорғайды.

Еске салайық, қысқы Олимпиада ойындары Италияда 2026 жылғы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью