Қысқы Олимпиада: Қазақстан делегациясы алаңға кірді

07.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Салтанатты іс-шараның ең қызықты кезеңі – спортшылар шеруі. Олимпиадалық дәстүрге сәйкес, грек делегациясы алаңға бірінші болып кірді. Ал қалған делегациялар өз елдерінің итальян тіліндегі бірінші әрпіне сәйкес алфавиттік тәртіппен шеруді жалғастырды. Шеруді қабылдаушы итальян делегациясы соңғы болып аяқтады.

Фото: Сали Сабиров

Қазақстан делегациясы алаңға 44-ші болып кірді, еліміздің көк байрағын шорт-трекші Денис Никиша және фристайлшы Аяулым Әмренова биік көтеріп жүрді.

Фото: Сали Сабиров

Негізгі іс-шара Милан қаласындағы әйгілі «Сан-Сиро» олимпиадалық стадионында өтіп жатқанымен, биылғы Олимпиаданың негізгі жарыс алаңдары саналатын Ливиньо, Предаццо және Кортина-д’Ампеццо қалаларында бір мезгілде спортшылар шеруі өтті.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстаннан биыл 36 спортшыны Олимпиада ойындарына жолдама алып, спортшылар саны жөнінен алғашқы 25 мемлекет құрамына енді.

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью