Қысқы Олимпиада: қазақстандық спортшылардың 7 ақпандағы жарыс кестесі

07.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл күні 5 қазақстандық спортшы екі спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

Шаңғы жарысы, скиатлон (әйелдер) — 17:00 (Астана уақыты).
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Дарья Ряжко.

Конькимен жүгіру, 3000 м (әйелдер) — 20:00.
Қатысушылар: Надежда Морозова, Елизавета Голубева.

Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 
Осыған дейін хабарлағанымыздай, елімізден биыл 36 спортшыны Олимпиада ойындарына жолдама алып, спортшылар саны жөнінен алғашқы 25 мемлекет құрамына енді.

Бүгін Италияның Милан және Кортина қалаларында қысқы Олимпиада алауы тұтанып, XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми басталды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью