Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?

16.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Италияның Милан және Кортино қалаларында өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары бел ортасынан ауды. Турнирлік кестеде қысқы спорт түрлерін шебер меңгерген елдер көш бастап тұр. Десе де төртжылдықтың басты бәсекесінің мәреге жетуіне 6 күн барын ескерсек, қорытынды есеп құбылуы бек мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

16 ақпандағы медаль санына көз жүгіртсек, Норвегия алтын мен жалпы жүлде есебінде көш бастап тұр. Аталған ел қоржынында – 12 алтын, 7 күміс, 7 қола медаль бар.

Жарыс қожайындары Италия спортшылары норвегиялықтарды өкшелеп келеді. Бәсекені ұйымдастырушы тараптың жалпы жүлде саны – 22. Оның ішінде – 8-і алтын, 4-і күміс, 10-ы қола медаль.

Үздік үштікті жалпы жиынын 17 медальмен АҚШ түйіндеп тұр. Аталған ел спортшылары бүгінге дейін 5 алтын, 8 күміс, 4 қола еншілеген.

Кейінгі төртінші және бесінші орындарға бес алтынмен Нидерланды және Швеция жайғасқан. Швеция Нидерландыға 1 күміс медаль айырмасы бойынша жол беріп тұр.

Бүгінгі медаль есебіне сай Қазақстан жалпыкомандалық ретте мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың тарихи алтын жүлдесімен 17-ші орынға жайғасқан. 32 жыл күткен жүлдеге тағы медальдер қосыла ма? Ендігі жерде қай спортшылардың жолына үмітпен қарауға болатынын спорт сарапшысы Мейрам Сапарғалиұлы айтып берді.

«Мәнерлеп сырғанаудан құрама көшбасшысы Михаил Шайдоровтан халық болып жүлде күткеніміз анық. Ол өз кезегінде ел сенімін артығымен ақтады. Шайдоровтан жүлде күтуіміз негізсіз болған жоқ. Өйткені мәнерлеп сырғанаушы осы олимпиадалық циклде жарқын жеңістерімен көзге түсіп жүрді. Сол секілді шорт-трекшілер Динис Никиша мен Абзал Әжіғалиевке де артар сенім мол. Қос спортшы 2025 жылғы Азия ойындарында 5000 метр эстафетасында алтын еншілесе, бүгінгі жарыс кестесінде тұрған 500 метр қашықтықта 2024 және 2025 жылдардағы әлем біріншілігінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Енді шорт-трекшілер аталған жеңістің кездейсоқ емес екенін Италиядағы Дүбірлі додада дәлелдей түсуі тиіс.

1500 метр қашықтықта конкимен жүгіруден тәжірибелі спортшы Надежда Морозова да қоржынға жүлде салуы ықтимал. Ол Италиядағы қысқы Олимпиаданың өзінде 5000 және 3000 метр қашықтықта үздік ондыққа енді. Сондай-ақ 17 ақпан күні мұзға шығатын мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның да жүлде санын еселей түсуге қауқары жетеді», дейді Мейрам Сапарғалиұлы.

Сарапшының пікірінше, дүбірлі додалардағы тәжірбие мен шыңдалудың өзі – қомақты олжа. Сондықтан кей спорт түрлері бойынша осы жолы майталман спортшылармен иық тірестіре сынға түсу, тәжірибе жинау маңызды. Бұл мүмкіндікті шебер пайдалану алдағы уақытта жеңіске жол ашары анық. Мейрам Сапарғалиұлы бұл ретте тау шаңғысы бойынша ел намысын қорғап жатқан 20 жасар Александра Скороходова мен шаңғымен тұғырдан секіруші Илья Мизерныхтің өнерін жоғары бағалап, болашағынан зор үміт күттіретінін атап өтті.

«Александра Скороходова тау шаңғысының супер гигант бағдарламасы бойынша табандылық танытты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан мәре сызығын кесіп өтті. Осы сында 7 Олимпиада чемпионы мен 1 әлем чемпионының мәреге жете алмағанын ескерсек, Скороходованың табандылығы сүйсінтеді. Мұндай қажырлы мінез келешекте жеңіс тұғырынан көрінуге де септеседі. Ал 19 жастағы Илья Мизерных қысқы Олимпиаданың бірінші іріктеуінде тұғырдан секіруден Қазақстан тарихында ең үздік нәтижені тіркеп үлгерді. Ол 140,5 метрге секіріп, 137 балл еншіледі. Көрсеткіші көңіл көншітті. Жас мөлшеріне қарамастан жаһандық жарыста тосылмаған отандасымызға бұл бәсекелер жоғары тәжірибе жинақтап, алдағы Олимпиадаларда жүлдеге қол созуына мүмкіндік береді», деп атап өтті сарапшы.

Айта кетейік, Италия төрінде ел намысын 10 спорт түрінен 36 атлет қорғап жатыр. Әрине, қысқы спорт түрлерінің нәтижесіне кей тұста ауа райы мен жарыс жолы әсер етіп жатады. Сондықтан ендігі жерде жарыс жолына шығатын барлық отандасымыздың жүлдеге таласы бары анық.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды

Аймақтар • Бүгін, 11:40

Катонқарағай паркіне қуатты өрт сөндіру техникалары жеткізілді

Аймақтар • Бүгін, 11:36

Оралда 79 балабақша мен 36 мектеп салынады

Аймақтар • Бүгін, 11:25

Референдумға арналған ресми сайт іске қосылды

Референдум • Бүгін, 11:20

Жасанды интеллект жаңылса, кім жауапты?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:13

Жапонияны мойындатқан Ерсін Балтағұл балуандарға әдіс-тәсілдерін көрсетті

Спорт • Бүгін, 11:03

Жаңа Салық кодексі халыққа не береді?

Экономика • Бүгін, 10:58

Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионын жеңді

Шахмат • Бүгін, 10:55

Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды

Оқиға • Бүгін, 10:45

Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды

Қоғам • Бүгін, 10:38

Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды

Аймақтар • Бүгін, 10:25

Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды

Өнер • Бүгін, 10:11

Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?

Білім • Бүгін, 10:01

Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?

Ауа райы • Бүгін, 09:50

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью