Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов, Владислав Кобаль, Александр Герлиц және Нұрлан Әкімов ел намысын қорғады.
Бұл жапыста Қытай құрамасы бірінші орын алса, одан кейінгі орындарды Германия мен Норвегия өзара бөлісті.
Қазақстандық Ербол Хамитов дүбірлі дода барысында қазірге дейін бір алтын және бір қола медаль алып үлгерді. Ол бүгін пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Оған дейін 10 наурызда пара шаңғы жарысынан 1500 метрге классикалық спринт жарысында қола медаль жеңіп алды.
Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлон спорт түрлері бойынша ел намысын қорғап жатыр. Биылғы дүбірлі додада Қазақстан құрамасы пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлері бойынша сынға түседі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан 7 спортшы бақ сынап жатыр. Олардың қатарында Ербол Хамитов, Нұрлан Әлімов, Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев және Анна Грачева бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ербол Хамитовтің алтын медалінен кейін Паралимпиадада Қазақстан құрамасы 18-орынға көтерілді.