Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
17 қаңтардан бері қала аумағынан 11 мың текше метрден астам қар сыртқа шығарылды. Бұл туралы «Арнаулы автобаза» ЖШС басшысы Алмаз Ізтілеуов мәлімдедіі,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ әлеуметтік нысандар маңында, қауіпті бұрылыстар мен көпірлерде көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға 450 тонна тұз және 460 текше метр арнайы топырақ төселді.
Оның айтуынша, қар тазалау жұмыстары қала бойынша белсенді жүргізіліп жатыр, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау басты назарда.
Қазіргі таңда бұл жұмыстарға мекеменің 15 техникасы мен 40-қа жуық қызметкері жұмылдырылған. Алдағы күндері ауа райы суытып, түнде -7…-8°С, күндіз -1…-2°С шамасында болады деп болжануда.
Көбіне бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауып, солтүстік-шығыстан жел соғуы ықтимал.
Бүгін, 17:52