Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Бұл көрсеткіш бейсенбі күні 5-12 наурыз аралығында Бейжіңде өтіп жатқан 14-ші Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 4-ші сессиясының ашылуында ұсынылды.
2026 жылға арналған бюджет жобасы туралы есепке сәйкес, мемлекеттік қаржыландыру әскери күштерді нығайтуға, озық жауынгерлік мүмкіндіктерді дамытуға, ұлттық стратегиялық жүйені жаңартуға және қорғаныс секторы мен қарулы күштерді жаңғыртуға бағытталады.
Аталған көрсеткіштер әскери бюджеттің өсу қарқынының алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда аздап түзетілгенін көрсетеді. Қорғаныс шығындарының өсуі 2023, 2024 және 2025 жылдары 7,2%-ды құрады, доллармен есептегенде тиісінше 224 миллиард доллар, 231 миллиард доллар және 246 миллиард долларды құрады.
Бұған дейін Бейжіңде «Екі сессия» отырысы басталғаны, оның маңызы туралы хабарланған болатын. Бұл жиында Қытай 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын қабылдап жатыр.