Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ұзындығы 3046 шақырымдық экологиялық тосқауыл — әлемдегі ең ірі және Қытайдың ең үлкен шөлін «жасыл шарф» сияқты айнала қоршайды. Жоба өткен айда Бүкіләлемдік инженерлік ұйымдар федерациясының «2025 жылғы 10 үздік инженерлік жобасы» тізіміне енді.
Соңғы жылда шөл шекарасындағы 21 округ пен қала жасыл белдеуді 8,9 млн му (593 мың га) аумаққа кеңейтті. Белдеудің ені 110 метрге ұлғайып, 7,5 км-ге жетті. Су, электр және жол инфрақұрылымы да жаңартылып отыр.
Жобада фотоэлектрлік технологиялар, экологиялық ауыл шаруашылығы, «шахмат» әдісімен құм бекіту және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер қолданылып жатыр. Бұл шаралар құм көшкіндерін бақылауға алып, өңірді «өлім теңізінен» тұрақты экожүйеге айналдыруға ықпал етті.
Фото: СиньхуаЖергілікті климаттың күрделі жағдайларына бейімделген инженерлік және биологиялық шешімдердің үйлесімі жоба тиімділігін арттырған.
Сондай-ақ Юйтянь уезінде дауыл жиі болатын өңір жағдайында қолданылған «шахмат үлгісі» мен «терраса тәрізді шөл» технологиясы жерді тегістеу шығындарын 82%-ға қысқартып, өсімдіктің тіршілік ету көрсеткішін 85%-ға дейін көтерді.
Тарим шөл автожолы — Қытайдағы шөлді кесіп өтетін алғашқы жол. Оның бойында 436 шақырым қорғаныс жолағы орналасқан, онда сексеуіл мен талдың бір түрі сияқты 20 миллионнан астам құрғақшылыққа төзімді өсімдік өсірілген.
Шөл ішіндегі жол бойындағы «ақылды» құбыр жүйелері жаңартылып жатыр. PetroChina Tarim Oilfield компаниясының өкілі Ван Лонг атап өткендей, бұл жүйе шөлейттенуге қарсы күрес пен өңірлік даму үшін «Тарим шешімі» ретінде қарастырылады.
Шайя округінде фотоэлектрлік шөлге қарсы технология қолданылады: күн энергиясы тұзды жер асты суын сорып, тамшылатып суаруға пайдаланылады. Осы әдіс тұрақты жасыл аймақтардың қалыптасуына мүмкіндік беріп отыр.
Фото: СиньхуаАйта кетейік, бұған дейін Чилидегі ең құрғақ Атакама шөлінде 10 жылдан бері алғаш рет қар жауғанын жаздық.
Ал Қатарда шөлге төзімді су сақтау жобалары іске қосылмақ.