Қытай бензин мен дизельдің бөлшек бағасын бақылауды жалғастырады

08.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бұл туралы сейсенбі күні ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, наурыз айының соңында ішкі мұнай бағасы түзетілгеннен кейін әлемдік шикі мұнай бағасы айтарлықтай құбылған.

Қолданыстағы баға белгілеу тетігіне сәйкес, бензин бағасы тоннасына 800 юаньға (шамамен 116 АҚШ доллары), ал дизель 770 юаньға қымбаттауы тиіс еді. Алайда енгізілген бақылау шараларының арқасында бұл өсім сәрсенбіден бастап тиісінше 420 және 400 юаньмен шектеледі.

Қытайдың үш ірі мұнай компаниясына — China National Petroleum Corporation, China Petrochemical Corporation және China National Offshore Oil Corporation, сондай-ақ басқа да мұнай өңдеу кәсіпорындарына өндіріс пен тасымалды тиімді ұйымдастырып, мұнай өнімдерінің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сонымен қатар, құзырлы органдарға нарықты бақылауды күшейтіп, тексерістер жүргізу, сондай-ақ баға саясатын бұзу сияқты заңбұзушылықтарды қатаң түрде анықтап, жазалау міндеті жүктелді.

Бұған дейін Ирандағы бітімгершілік туралы хабарламалардан кейін мұнай бағасы күрт төмендегені белгілі болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью