Қытай Филиппиннен арандатушылық пен жалған ақпаратты дереу тоқтатуды талап етті

26.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

ҚЖК-ның ресми өкілі Лю Дэцзюньнің айтуынша, жуырда Қытай жағалау күзеті Хуанъянь аралы маңындағы акваторияда құқық қорғау және құқықтарды қорғау бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізген. Оның алдында қолданыстағы заңнамаға сәйкес теңізде жүзу қауіпсіздігі туралы алдын ала ескерту жарияланған.

Алайда оқу-жаттығулар кезінде Филиппин тарапы көптеген кемені жинап, Қытай жүргізіп жатқан жаттығу аймағына кірген. Лю Дэцзюньнің мәлімдеуінше, олар «балық аулау қызметі» деген желеумен арандатушылық әрекеттерге барып, жағдайды ушықтыруға және халықаралық қауымдастықтың назарын айлакерлік жолмен аударуға тырысқан.

Оның сөзінше, Қытай жағалау күзеті бұдан әрі де Хуанъянь аралы маңындағы акваторияда заң аясында құқық қорғау және құқықтарды қорғау шараларын жалғастырып, елдің аумақтық тұтастығын, теңіздегі құқықтары мен мүдделерін табанды түрде қорғайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай Жапонияны әскери бюджет туралы ақпаратты бұрмалады деп айыптады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью