Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан зиян келтірген емес Тоқаев

25.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен мәңгі достық байланыстарын нығайтуға баса мән беріп отырғанына назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ҚХР-мен достықты нығайтуды сыртқы саясаттың маңызды мақсаттарының бірі деп атады.

"Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ. Қос халық өзара сыйластық пен қолдау аясында көп жыл бойы бірге өмір сүрген. Ал қазіргі тұрақсыз, бұлдыр заманда Қазақстан мен Қытай сенімді серіктестер ретінде қоян-қолтық бірге әрекет етіп, сан алуан сын-қатерлерге тойтарыс беруі керек", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қытай мақалын мысалға келтірді: "Біз бәріміз біртұтас болсақ, биік Тайшань тауын да орнынан қозғай аламыз".

"Қазақстан мен Қытай – екі дос, көршілес ел болып, әрбір істі ойдағыдай жүзеге асырады деп сенемін", – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан – Қытай" инвестициялық форумына қатысып жатыр. Форум басталмас бұрын қатысушылар Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью