Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Фото: GROK
Синьхуа мәліметінше, құжат «Салауатты Қытай» бастамасы аясында әзірленіп, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған. Билік медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын ынталандыруға басымдық бермек.
Жоспарда қоғамдық санитариялық қауіпсіздік жүйесін нығайту, аурулардың алдын алу шараларын күшейту, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту және ауруларды ерте анықтау мен емдеу мүмкіндіктерін кеңейту көзделген.
Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр
Сонымен қатар құжатта адам өмірінің барлық кезеңінде көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру, емдеу-сауықтыру қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы жаңа бағыттарды дамыту және саланы басқару жүйесін жетілдіру міндеттері белгіленген.
Қытай билігі бұл шаралар халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін табысы жоғары елдердің деңгейіне жақындатып, өмір сүру ұзақтығын ғана емес, медициналық көмектің сапасын да арттырады деп есептейді.
Айта кетейік, Қазақстан тұрғындарының орташа жасы 76 жасқа жақындады. Мамандардың айтуынша, бұл денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесі.