Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қытайдың Мемлекеттік кинематография басқармасының ресми статистикасына сүйенсек, мерекелік демалыс күндері көрсетілген киносеанстар саны 4 миллион 355 мыңға жетіп, ұлттық кинонарық тарихындағы жаңа рекордты жаңартты.
Кассалық көшті отандық «Пегас 3» комедиясы бастап, 424 миллион доллар табыс тапты. Жарыс тақырыбын жеңіл юмормен ұштастырған бұл туынды көрерменді баурап қана қоймай, нарықтағы бәсекені де айқын көрсетті. Екінші орынға 125 миллион доллар жинаған шпиондық триллер «Дуыл алдындағы тынышық» тұрақтаса, үздік үштікті шамамен 117 миллион доллар нәтижемен «Күзетшілердің семсері: Шөлде жел көтерілді» тарихи экшні түйіндеді. Әр жанрдың өз аудиториясы бар екенін осы көрсеткіштердің өзі-ақ аңғартады.
Қытай өнер академиясының профессоры, киноиндустрия сарапшысы Чжи Фэйна мереке күндері кинотеатрға бару дәстүрі өзгермегенін айтады. Алайда нарыққа тек дәстүр емес, сапа қажет. Көрермен енді жарнамаға емес, мазмұнға сенеді.
Оның пікірінше, «2026 — Кино экономикасын ілгерілету жылы» бағдарламасы аясында мемлекеттік бастамалар мен нарықтық тетіктер үйлесім тапса, сұранысқа ие сапалы туындылардың құны арта түспек.
Осыған дейін Netflix пен Warner Bros-тің бірігуі кинотеатрларға қиын соғуы мүмкін екені туралы жаздық.