24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қытайдың автокөліктері әлем нарығын жаулап жатыр. Арзан баға жылдар бойы қалыптасқан жүйеге төңкеріс жасады.
Бұл үрдіс 2026 жылы да жалғасады. Қазір көрші елде ай сайын 3,5 млн-нан астам авто құрастырылады. Әсіресе жылдың соңғы айларында өндіріс көлемі күрт өскен. Мамандар мұны сұраныстың артуымен байланыстырады. Қытайдан кейінгі 11 айда 7,33 млн дана көлік өзге мемлекеттерге экспортталды. Елдің автоөндірушілер қауымдастығы таратқан мәлімет бойынша биыл өндірілген көлік саны 34 млн данадан асады.
Чэнь Шихуа, Қытай Автоөндірушілері қауымдастығы хатшысының орынбасары:
- Автоөндірушілер кейінгі екі айда өндіріс қарқынын арттырды. Жаңа модельдер пайда болды. Алдын ала тапсырыспен сатып алғандар көп. Бұл Қытайда жыл соңында жасалған заңнамалық өзгерістерге байланысты деп ойлаймын.