Қытай мидан сигнал жинайтын әлемдегі алғашқы инвазивті өнімді саудаға шығарады

23.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«NEO» деп аталатын медициналық өнім 18 бен 60 жас аралығындағы, мойын омыртқасының зақымдануы салдарынан квадриплегияға ұшыраған және саусақпен ұстау қабілетін жоғалтқан науқастарға арналған.

Тиын көлеміндей инвазивті құрылғы миға имплантацияланып, ми сигналдарын нақты уақыт режимінде жинап, оларды декодтауға мүмкіндік береді. Соның арқасында науқас ой арқылы пневматикалық қолғапты басқара алады.

Құрылғы эпидуральды әдіспен енгізіледі. Бұл тәсіл сигнал сапасын жоғары деңгейде сақтай отырып, ми тіндеріне зақым келтіру қаупін азайтады. Сонымен қатар құрылғы сымсыз қуаттандыру және байланыс жүйесімен жабдықталған, бұл оны бір рет орнатып, ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. Операциядан кейін шамамен бір ай ішінде пациенттер жүйені үй жағдайында өз бетінше басқара алады.

Айта кетейік, Қытай халқының 95%-ы базалық медициналық сақтандырумен қамтылған.

Ал Қытай сал ауруы кезінде қол қозғалысын қалпына келтіруге арналған ми имплантын мақұлдады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью