Қытай нарыққа қолжетімділік шектелген жағдайда Еуроодаққа қатаң жауап беруге уәде берді

06.11.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қытайдың Еуроодақтағы елшісі Цай Жун егер Брюссель өз нарығын қорғаудың жаңа біржақты тетіктерін іске қосса, Бейжің қатаң қарымта шаралар қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Euronews басылымынап сілтеме жасап.

Бұл мәлімдеме Еурокомиссия бейресми түрде "ажыратқыш" деп аталған шұғыл сауда тетігін әзірлеп жатқан тұста жасалды. Ол агрессивті экономикалық саясаты еуропалық кеңістікте маңызды іркілістер тудыратын елдердің ЕО нарығына шығу мүмкіндігін жедел шектеуге жағдай жасайды.

Қытай сауда-экономикалық мәселелерді саясиландыруға, ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын негізсіз кеңейтуге және барынша қысым көрсету тәжірибесіне қарсы шығады, деп атап өтті Цай Жун. Ол кемсітушілік сипаттағы шектеулер енгізілген жағдайда, Бейжің жауап қайтаруға мәжбүр болатынын жеткізді.

Франция мен Германияның бастамасымен қазан басында жаңа тетікті әзірлеу жұмыстары жеделдеді. Екі мемлекет те ҚХР-мен саудада рекорд тапшылыққа тап болды – жалпыеуропалық деңгейде бұл көрсеткіш күніне бір миллиард еуроға жетті.

Қытай кеденінің мәліметінше, кейінгі бір жылда бұл елден келетін арзан импорт көлемі 25 пайызға артқан, бұл Еуропа өнеркәсібінің негізгі секторларына қауіп төндірді. Осы жағдайға байланысты ЕО лидерлері Еурокомиссияға жедел әрекет ету құралын әзірлеуді тапсырды.

Сәрсенбі күні Сауда және экономикалық қауіпсіздік жөніндегі еурокомиссар Марош Шефчович Еуропарламент депутаттарына заң жобасы жыл соңына дейін таныстырылатынын растады. Оның сөзінше, бұл тетік Брюссельге әлдеқайда жылдам әрекет етуге, тіпті ЕО-ға экспортты тікелей шектеуге мүмкіндік бермек.

Құрал ресми түрде нақты юрисдикцияларға байланбағанымен, іс жүзінде ол Еуропаның 450 миллиондық тұтынушылық нарығына аса мұқтаж Бейжіңге қарсы бағытталған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью