Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұл технология пайдаланушыға ой күшінің көмегімен робот-итке бағытты анықтауға, кедергілерді айналып өтуге және нақты жерге жету пәрменін беруге мүмкіндік береді.
— Бұған дейін біз электроэнцефалограмма сигналдары арқылы роботтың негізгі қозғалысын басқара алдық. Енді нейробасқаруды автономды навигация функцияларымен біріктірдік, — деп түсіндірді жоба менеджері.
Оның айтуынша, технология чиптерді енгізу қажеттілігін жоятын «ми-компьютер» инвазивті емес интерфейсіне негізделген. Жүйе мидағы нейрондар белсенділігі кезінде пайда болатын электр сигналдарын оқып, оларды жабдыққа арналған жоғары дәлдіктегі командаларға айналдырады.
— Болашақта робот-ит мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін таптырмас көмекшіге айналуы мүмкін. Бұл технология қартайып отырған қоғам жағдайында жалғызбасты қарт адамдарға ілесіп жүру және медициналық көмек көрсетуден бастап оңалту жаттығуларына дейін кеңінен қолданылуы мүмкін, — деп түйіндеді ол.
Осыған дейін қытайлық компания GAE моделіндегі адам тәрізді роботты таныстырғанын жазған болатынбыз.