Қытай Қазақстанда тағы бірнеше энергетикалық жобаны іске асырады

27.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— 2026 жылы жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіруге арналған бірнеше жоба қолға алынады. Жиынтық қуаты 245,8 МВт болатын 10 жоба іске асыру көзделіп отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қытайлық инвесторлар арасында энергия жинақтау жүйелері бар жел электр стансаларын салу бағытындағы келісімдерге қол қойылады. 2040 жылға дейінгі сутегі энергетикасын дамыту тұжырымдамасын өзектендіреміз. «Баламалы энергия көздері туралы» Заңды қабылдау жоспарланған, — деді ол.

Ерлан Ақкенженов былтыр Қазақстанда алғаш рет үлкен қуатты жел станциясын іске асыру бағытында аукцион өтіп, Қытайдың халықаралық компаниясымен ірі күн электр станциясын салу туралы келісім жасалғанын еске салды.

Бұған дейін, министр Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ газ өңдеу зауытының жобалық құжаттарын әзірлеу басталғанын мәлім етті.

Сонымен қатар, елімізде 17 мың шақырымнан астам электр желісі жаңартылатыны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью