Қытай роботтары домбыра шертеді

03.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: 24kz

24kz мәліметінше, қазір Қытайда роботтар өнер мен спорт саласына қарқынды енгізіле бастады. Олар жасанды интеллекттің көмегімен атқа мініп, домбыра шертуге икемделіп жатыр. Нысана көздеп, садақ ататын роботтар да бар. Бұл еріккенің ермегі емес. Қытай билігі осындай іс-шаралар арқылы бәсеке туғызып үздік жобаларды анықтайды. Жеңіп шыққандарын қаржыландырып одан әрі дамытуға қолдау көрсетеді. 

АҚШ шетелден гуманоид роботтарды импорттауға тыйым салды 

Айта кетейік, Қытай адам тәрізді роботтардың 400-ден астам түрін жасап шығарды, бұл жаһандық нарықтың жартысынан көбін құрайды.

Биыл тамыз айында Бейжіңде өтетін Дүниежүзілік роботтар ойындарында құлтемірлер 30 түрлі сынақтан өтіп, өздерінің икемділігі мен басқару дәлдігін көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін UBTECH Robotics компаниясы Алматы қаласында өзінің шетелдегі алғашқы зауытын салады. Гуманоидты және білім беру саласына арналған роботтарды өндіретін зауыттың құрылысы туралы келісім жасалғаны туралы хабарлаған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью