Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Зымыран Бейжің уақытымен сағат 15:48-де көкке көтерілді. Ғарыш аппараты төмен орбиталы интернет-спутниктердің 19-тобын жоспарланған орбитаға сәтті шығарды.
Фото: СиньхуаЕске сала кетсек, Қытай 15 қаңтар күні 2026 жылғы ғарыштық миссиясын жерді қашықтан бақылау спутнигін ұшырумен бастағанын жаздық.
Ол кезде елдің солтүстігіндегі Шаньси провинциясында орналасқан Тайюань ғарыш айлағынан жерді қашықтан бақылауға арналған «Яогань-50 01» спутнигі ғарышқа ұшырылған еді.
Ал 13 қаңтар күні Қытайдың CAS Space коммерциялық аэроғарыш компаниясы суборбиталды «Лихун-1 Y1» аппаратының сынақ режиміндегі ұшырылымын сәтті орындады.