Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстан шетелдік туристерді тартуды жалғастырып жатыр. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен 325 мыңнан астам саяхатшы келді. Қонақтардың басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларында болған, деп хабарлайды Tengri Travel.
Көршілер мен алыс шетел: Қазақстанға қай елдерден жиі келеді?
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанға 325 615 турист келген. eQonaq деректері бойынша, туристер саны жағынан бірінші орында Ресей тұр - 109 036 адам.
Екінші орында Қытай - 62 001 турист, үшінші орында Үндістан - 20 617 адам.
Ондыққа мына елдер кірді:
Ресей - 109 036; Қытай - 62 001; Үндістан - 20 617; Өзбекстан - 13 559; Түркия - 11 023; Германия - 9 645; Оңтүстік Корея - 8 760; Қырғызстан - 6 314; АҚШ - 6 141; Ұлыбритания - 5 070. Шетелдік туристер қай өңірлерге барады?Ең танымал бағыт Алматы қаласы болды. Жыл басынан бері бұл қалаға 161 070 шетелдік турист келген.
Екінші орынды Астана иеленді - 59 382 адам. Үшінші орында Маңғыстау облысы тұр, мұнда 17 540 саяхатшы ат басын бұрған.
Туристердің қызығушылығы аймақтар бойынша қалай бөлінді:
Алматы - 161 070; Астана - 59 382; Маңғыстау облысы - 17 540; Шымкент - 16 130; Ақмола облысы - 14 493; Түркістан облысы - 12 082; Ақтөбе облысы - 6 670; Батыс Қазақстан облысы - 6 248; Атырау облысы - 4 931; Шығыс Қазақстан облысы - 4 663.Тағы оқыңыз: Ұшақтағы кездейсоқ кездесу шетелдікті үш айдан кейін Алматыға акелді
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу