Қытай жаңа спутнигін ғарышқа ұшырды

04.11.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қытай дүйсенбі күні Хайнань провинциясындағы Вэньчан ғарыш айлағынан Жерді қашықтан зондтауға арналған жаңа «Яогань-46» спутнигін сәтті ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: Синьхуа

Бейжің уақытымен сағат 11:47-де ұшырылған «Чанчжэн-7» («Ұлы жорық-7») зымыран тасығышы спутникті есептелген орбитаға дәл шығарды. «Яогань-46» жерді қашықтан зондтау спутнигі табиғи апаттардың алдын алу мен олардың салдарын азайту, жер ресурстарын зерттеу, гидрология мен метеорология салаларындағы ғылыми жұмыстарды жетілдіру мақсатында қолданылатын болады.

Бұл «Чанчжэн» зымырандар сериясының 605-ші сапары саналады. Қытайдың ғарыш саласы соңғы жылдары белсенді дамып, Жерді зерттеу мен мониторинг бағытындағы технологиялық әлеуетін арттырып келеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью